Ашық сабақ,
Тақырыбы: Кесені әшекейлеу
Шығармашылық,қатынас
салалары бойынша
Бөлімдері:Тіл
дамыту,суреттеп қиып жапсыру
Тақырыбы: Кесені әшекейлеу
Мақсаты:Кесе туралы
түсінік беру,кесені ұлттық ою –өрнекпен әшекейлеу
Қошқар мүйіз өрнегін сызып қиюды меңгерту,ұқыпты тиянақты
жұмыс жасауға үйрету,қайшымен дұрыс жұмыс жасау
тәсілдерін игерту ,ұлттық құндылықтарды құрметтеу.
Қос тілдік
компонент: кесе-пиала
Ою-өрнек-орнамент
Қошқар мүйіз-рога барана
Керекті құралдар: қылқалам,
өңді қағаздар,қайшы,қол орамал,желім
арнайы бастырғыш
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Күнге қарап шуақтанып
Суға қарап нәр алып
Табиғаттан шаттанып
Қонақтардан ізет
алып.
Ойнап-күліп жүрейік
Тәрбиешінің балаларға
жылы лебізі.
Балалардың мәз-мәйрам
болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.
Ұйымдық
іздестіру
Балаларды шаттық шеңбер бойына тұрғызып ,жылы
тілектерін айтқызу арқылы сабақты бастау.
Міне,балалар бізге көп қонақтар келіпті.
Сәлем сөздің анасы-деген,қонақтармен сәлемдесейік.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен ,біздер сәлем береміз.
Хош келіпсіздер қымбатты қонақтар!
-аспанымыз ашық болсын
-еліміз аман болсын
-дендеріңіз сау болсын
-отбасында береке,бақыт болсын!
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше,бізді бүгін
қонаққа Сәуле шақырған.
Кәне,балалар Сәуленің үйіне қонаққа барайық.
Балалар киіз үйдің
суретіне мән беріп, тыңдайды.
Слайдтарды тамашалайды.
Сәлеметсіз бе? Сәуле
Сәуле :Сәлеметсіңдерме,балалар,төрлетіңдер.
Балалар сендерді көріп қуанып қалдым,шай алып
отырыңдар.
Міне ,балалар біз Сәуленің үйінде қонақта
отырмыз,кім арнап тақпақ оқып береді?
Сәуле өрнек салады
Сырмақ сызып оюлап
Басы ауыра береді
Шай ішпесе қоюлап.
Қолымда менің қылқалам
Өрнектеп ою сала алам
Өнерімді көргенде
Қуанамын мәз болам.
Сәуле :рахмет балалар өркендерің өссін!
Кім жаңылтпаш айтады?
Шеше кеше,неше кесе,сынды кеше.
Балалар қолдарыңдағы ыдысқа назар аударыңдаршы.Ақ
әже шайды неге құйып берді? Кім айтады? Кесе деген не?
Шай құюға арналған ыдыс.Кесенің түрі өте көп және
сыртындағы әшекейлері де әр түрлі болады.
«өрнегіне қарай анықта» д\о
Кесені құмнан,ағаштан,қыштан,әйнектен жасайды.Кесе
жасағанда адамдардың денсаулығына зиян келтірмейтін материалды қолданады.Біз
бүгінгі сабақта осы кесені қазақтың ұлттық ою-өрнегімен әшекейлейміз.
Сергіту
сәті:
Ал балалар тұрайық
Ою-өрнек сызайық,
Қошқар мүйіз,қызғалдақты
Сәндеп тұрып салайық.
Назарларын тақтаға аудартып,кесенің түсі,өрнектері
,үлкен –кішісі туралы сұрау.
Қошқар мүйіз өрнегімен кесені әшекейлету.Атауы
айтып тұрғандай бұл-қошқар мүйізі деп аталатын ою түрі.Қошқар мүйізі оюымен
ұлттық бұйымдарды киімдерді әшекейлейді.
Балаларды өз қалауларымен екі үстелге бөліп
отырғызу.
1-үстел
Ал балалар сендер кесеге қошқар мүйіз өрнегін қиып жапсыру арқылы
әшекейлейсіңдер.Қалай қию керектігін көрсетем.Сендердің алдарыңда қошқар мүйізі
сызылған
қағаз бар,қағазды сызылған сызық арқылы
қиамыз.Өрнеті қиған кезде
қағазды қайшыдан ажыратпай жүргізу керек,ал
қағазды айналдырып отырамыз.
Қайшы мен жұмыс жасағанда абай болу керектігін
ескерту.
2-үстел:балалар сендер бастыру
әдісін пайдаланып кесеге қошқар мүйіз өрнегін
саласыңдар.қалай сызу керектігін көрсетем,
ауада сызғызамын.Ұқыпты,таза сызу керектігін
естеріне салам.Іске сәт!
(музыка қою)жұмысын аяқтаған балалар тақтаға
суретін іліп,өзін-өзі қортындылау.
Не қиғанын сұрау қалай
қиып жапсырғанын,бастыру әдісімен кесеге қандай
өрнек бастырғанын
сұрап өз-өзін
қортындылату
Әдемі,таза сызылып,қиылған кесені Сәулеге сыйға тарту,Сәуле балаларға
рахметін айтып,сыйлығын беру.балалар Сәулемен хоштасу.
Рефлекстік түзету
Балалардың киіз үйін
салыстыра
отырып, балаларды
мақтап мадақтау.
Балалардан сұрақ
жауап алу арқылы
Сабақты
қортындылайды.
Осы мен сабағымыз
аяқталды. Қонақтарға назарларынызға рахмет сау болыңыздар.
Балалар өздерінің
жапсырған суреттерін достарымен бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Қазақтың ою өрнетері туралы.
Біледі: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолданады:
Көрнекіліктер.