«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Отрадненская основная школа» села Отрадное  отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отрадный негізгі мектебі» КММ

«Отрадный негізгі мектебі» КММ

2019 жылдың 16 қыркүйегінен 26 қыркүйегін  қоса алған аралықта  «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясының өткізілуі туралы хабарлама

Акцияның міндеті:   білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  білім беру мекемелерінде  оқу және білім беру үрдістерін  қауіпсіздендіру жағдайының жасалуы, оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру.

Жұмыс жоспары:

Шаралар

Уақыты

Жауаптылар

1

Педагогтарды, мектеп қызметкерлерін, оқушыларды өртке қарсы нұсқаулықпен таныстыру

Жыл бойы

Шар.меңг. Тлепова З.К., сынып жетекші.

2

Педагогтарды, мектеп қызметкерлерін, оқушыларды  лаңкестікке қарсы нұсқаулықпен таныстыру

Жыл бойы

МБ ТЖ орынбасары, сын.жетек.

3

«Спорт залдағы тәртіптің ережесі» тақырыбына әңгіме

Қыркүйек

Д/ш пәнінің мұғалімі Сеилова К.С.

4

Қауіпсіздік сабақтары: «Мектепке дейінгі қауіпсіз жол», «101-бұл нөмірді әрбір азамат біледі». Сұхбаттасу: «Үйде жалғыз», «Қиын жағдай болмасын десең, ережені оқы»

Жыл бойы

Сынып жетекшілері

5

ЖЖЕ  онкүндігі

 

МБ.ТЖ орынбасары, сын.жет.

6

Тренинг «Қауіпті  жағдайда өзін өзі қалай ұстауы керек»

16-25.09

Психолог Мынбаева Ж.Т.

7

Сурет байқауы «Қауіпсіздік кемпірқосағы»

16-20.09

БС ӘБ

8

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  балаларға  күш көрсетудің алдын алу туралы ата-аналар жиналысын өткізу

25.09

Мектеп әкімшілігі

 

          Қыркүйектің  16-нан 26-аралығында  республикада «Қауіпсіз мектеп» акциясы  өткізілді. Бұл акцияның мақсаты:  білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасывз ету,  білім беру мекемелерінде  оқу және білім беру үрдістерін  қауіпсіздендіру жағдайының жасалуы, оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Бұл акция  балаларға, ата-аналарға және қоғамға  мектепте, үйде, көшеде, аулада, суда, жолда, көлікте қауіпсіздік  ережелерін сақтауды еске салады, сонымен қатар қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете білу, жедел көмек қызметінің телефон нөмірлерімен таныстырады. 

         Отрадный негізгі мектебінде бекітілген жоспар бойынша  жарақаттануға қарсы,  мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  оқушылар арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау және мектепте қауіпсіздік шараларын жетілдіруге  бағытталған шаралар өткізілді. Оқу жылының басында педагогтарға, оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне  өртке және лаңкестікке қарсы  нұсқаулықпен таныстырылды,  жоғарыда келтірілген қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Бірінші сыныптың ата-аналарымен  төтенше жағдайларда психологиялық көмек көрсету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға күш көрсетуді болдырмау туралы  ата-аналар жиналысы өтті.    «Түнгі ауылдаға балалар» тақырыбындағы акция  көлемінде Отрадный ауылында  түнгі уақыттарда рейдтар өткізілді,  түнгі уақыттарда ата-аналарының  қарауынсыз көшеде жүрген  балалармен  жұмыс жүргізілді.  Рейдтердің нәтижесінде  қаңғыбастыққа әуес балалар болмады.

        Мектепте кабинеттерде, спортзалда жол ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі,   бірегей республикалық сенім телефоны «111»,  облыстық, аудандық және мектепішілік сенім телефондары жазылған   стендтер  бар.

Акция жұмысының қорытындысы бойынша келесі шешім шығаруға болады:  оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектепте барлық жағдайлар жасалған.

  1. Сынып бөлмелері, мектептің асханасы, спортзал, медициналық кабинет, сумен қамтамасыз ету жаңа оқу жылына дайын.
  2. Мектептің ғимараты өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай.
  3. Мектептің ауласы жарықтандырылған.
  4. Мектепте  төтенше қызмет,  БҒМ-дегі   балалар құқығын қорғау комитетінің, Ұлттық сенім телефонының нөмірлері жазылған стендтер бар.

 

Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтар үнемі қатал бақылауда ұсталады.

 

Орындаған: МБТЖ орынбасары Боднарь О.В.

 

Жаңартылған күні: 07.10.2019 13:33
Құрылған күні: 21.11.2020 00:38

Текст