«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Отрадненская основная школа» села Отрадное  отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

30.05.2017

       Мектеп бітіруші түлектер үшін  елімізде соңғы қоңырау сыңғыры

естілді. Бұл күні  «Отрадный негізгі мектебі» КММ-нде де жарқын  мереке болып өтті.

   Мамырдың бұлты таңы.  Бірақ  адамдардың көңілі ақ жарқын, дегенмен аздап  пәстік байқалады.  Бәрі  бір әдемілік пен ғажайыпты күтуде...

        Міне, мектеп жылдары аяқталды.  Мектеп түлектері үшін соңғы жалпы жиын және сол жиында өмірлеріндегі мектептің соңғы қоңырауы соғылды.  Ол түлектердің есіне алда жаңа үлкен өмірдің тұрғанын тағы да салып өтті. Мерекеге ата-аналар, ата-әжелер, үлкен- кіші аға-қарындастар қатысты. Олар да түлектермен бірге мектеп өмірінің соңғы

сәттеріне куәгер болды.  Сазды әуен ырғағымен мерекені жүргізушілер түлектерді өздерінің лайықты орындарына жайғасуға шақырды.  Себебі – олар

салтанат иелері. Міне, сынып жетекшілерімен бірге сап түзеп мектебіміздің түлектері ортамызға келді.

    Жүргізушілер осы түлектердің бала кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерімен таныстырып өтті. Бала бақшасы, алғашқы  ұстаз, алғашқы қоңырау, бірінші сынып, соңы алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшілерінің оларға  үлкен өмірге сәт сапар тілеуі – бәрі көз алдарынан бір  сахналық көрініс тәрізді өтіп жатты.

     Түлектердің ұстаздарына, ата-аналарына, аяулы мектебіне деген сүйіспеншілігі жүрекжарды сезімдерінен білінді. Мектеп қызметкерлерінің бәріне түлектер есте қаларлық атаулар мен төсбелгілер сыйлады     Түлектерді мектеп басшысы Самаев А.Қ., Отрадный ауылдық округінің  маманы Есентаев Б.М., ата-аналар комитетінің төрайымы Павлова Е.В.,

ата-аналар, бірінші сынып оқушылары құттықтады және аға-әпкелерінің атына кір келтірмей, олардан да мықты оқушы болатындықтарына сендіріп, ант берді.  Соңы тамаша ән мен өлең жолдарына, соңғы мектеп вальсіне ұласты.      Бір қарағанда, бәрі де басқа мектептегідей, бірақ өте жылы, қарапайым қатынас, ғажайып безендіру, барлық

мерекеге қатысушылардың  бір-біріне деген жылы көзқарасы мен сүйіспеншілігі - бұл күнді мәңгі есте қаларлықтай етті.

     Алдағы уақытта мемлекеттік емтихандарды үздік тапсырып, өмірлеріңе жолдама алуларыңа,  мақсаттарыңның орындалуына тілектеспіз,

қымбатты біздің түлектер !   Сәт сапар тілейміз сіздерге !

                                                      

Мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары                                                   

Жапарқұлова Д.Т.

 

 

 

 

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст