Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Отрадный негізгі мектебі
1- 4 – сыныптар
аралығындағы
Сыныптан тыс сайыс сабақ
Мұғалім: НҰҒЫМАНОВА Қ. М.
2017 - 2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Зерде»
интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы
оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар,
ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс
шешім қабылдауға баулу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Көреніліктері: слайд - презентация, ұпай санын анықтайтын қағаздар,
сандықша т.б. сабаққа қажетті құралдар.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар, бүгінгі
кешке жиылған қазақ тілін сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Зерде» атты интеллектуалды ойынға қош
келдіңіздер!
«Біле бер, қанша білсең , - тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле»,- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай бүгінгі «Зерде» интеллектуалды
ойында білетіндеріңді көрсетіп, білмейтіндерің болса, біліп, үйреніп кетеді
деген ойдамын, ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді анықтау
барысында бірнеше сұрақтар қоямын, сол сұрақтарға жауап берген оқушылар бүгінгі
сайысымызға қатыса алады.
1. Есту мүшесін ата.
2. Баларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай
аталады?
3. Қазақ әліпбиіндегі әріп саны қанша?
4. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге
бөлінеді?
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
6. Төрт түлікті ата.
7. Дауыссыз дыбыс нешеу?
8. Білімді сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
9. «Қазақстан» сөзі неше буыннан тұрады?
10. «Қазақстан» сөзінің
буындары қандай буын?
11. Жыл мезгілдерін ата.
12. Заттың атын білдіретін сөз табы.
13. Апта күндерін ата.
14. Қазір қай ай?
15. Сөйлем неден құралады?
16. Көру мүшесін ата.
17. Сенен үлкен қыз баланы қалай атайсың?
18. Сағаттың неше тілі болады?
19. Ай ұзақ па, апта ұзақ па?
20. Бір тәулікте қанша сағат бар?
Сайысымыз
мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Қас-қағым сәт.
2. Әріптер сөйлейді.
3. Мақал – сөздің мәйегі.
4. Миға шабуыл.
5. Треннинг.
6. Ойлы болсаң, озып көр.
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас таланттарға-дей келе сайысымыздың І кезеңін бастауға рұқсат
етіңіздер. Бұл сайыс «Қас-қағым сәт»
деп аталады әр топ өздеріне берілген сұрақтарға экранға қарай отырып тез әрі
дұрыс жауап берулері тиіс.
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп? – демекші
І топтың сұрақтары төмендегідей:
1. Қазақтың жаңа жылын атаңдар.
2. Жылқының төлін атаңдар.
3. Қасық, кесе, шанышқы - нелер?
4. Қой қалай дыбыстайды?
5. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
6. Атаңа сен ткім боласың?
ІІ топтың сұрақтары:
1. Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
2. Ешкінің төлін атаңдар.
3. Құлын, бота, қозы – нелер?
4. Жылқы қалай дыбыстайды?
5. Елтаңбаның авторы кімдер?
6. Анаңның әкесі саған кім болады?
Ойынымыздың келесі кезегі «Әріптер сөйлейді»
кезеңі. Бұл кезеңнің сайысында экранда берілген 15 әріптен сөздер құрап шығаруларың
керек. Қай топ ең ұзақ сөзді яғни, 15
әріптен тұратын сөзді анықтаса, сол топ
бір емес екі жетонға ие болады.
Берілген әріптер төмендегідей:
ІІІ кезең: «Мақал –сөздің мәйегі».
Бұл сайыста әр топқа үш мақалдан
беріледі. Сол мақалда берілген сұрақтың орнына тиісті сөзді тапқан топ тиісті
жетондарына ие болып отырады.
І топтың анықтайтын мақал-мәтелі:
1. Ата көрген оқ жонар,
Кім көрген тон пішер?
2. Кім басыңа қарайды,
Дұшпан аяғыңа қарайды?
3. Адам болатын кім
алысқа қарайды?
ІІ топтың анықтайтын
мақал-мәтелі:
1. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол!
2.Нешеу ала болса,
ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
3. Ас атасы – не?
ІV кезең «Миға шабуыл».
Бұл кезеңде әр топқа үш жұмбақтан
қойылады, сол жұмбақтардың жауабын дұрыс
тапқан топ өз житондарына ие болады.
І топқа арналған жұмбақтар:
1.Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
3. білімнен мол сый-асы,
Балдырғандардың ұясы.
ІІ топқа арналған жұмбақтар:
1.Аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
2. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
3. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
V кезең: «Треннинг».
Бұл кезеңде әр топ экрандағы
суреттен сандарды анықтап, оларды қазақ тілінде атайды. Әр дұрыс жауапқа бір
жетоннан үлестіріледі.
І топ: |
ІІ топ: |
|
|
VІ кезең «Ойлы болсаң, озып көр».
Бұл кезеңде әр топ берілген
сөздерден артықты табу арқылы жетонға ие болады.
І топ: |
ІІ топ: | ||
Алама, алмұрт, қауын, өрік. |
Көктем, күз, қыс, қыз. |
Дүйсенбі, бейсенбі, тамыз, жұма. |
әпке, әже, әтеш, аға. |
Қорытынды: жеңімпаз
топ анықталып, қатысушыларға алғыс білдіріледі.
(Жеңімпаздар тобы жетондар санына қарай анықталады)
Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім қалды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.