Текст
Күзгі демалыс кезінде кітапханада «Кітап демалысты білмейді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандар әр түрлі тақырыптағы кітаптарды оқып, уақыттарын тиімді өткізді. Кітап сөрелерінде мынадай әдебиеттер ұсынылған: шытырман оқиғалар, ертегілер, мектептегі әңгімелер, кітап беттерінде жанданатын шытырман, қиял-ғажайып оқиғалар.