21 ақпан күні "нақты ғылымдар" онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Мынбаева Жанар Тасболатқызы 9 сыныпта " азот қышқылы. Зертханалық тәжірибе №13 "басқа қышқылдармен ортақ азот қышқылының қасиеттері". Оқыту мақсаты: азот қышқылының молекулалық формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстың пайда болуын түсіндіру ; азот қышқылын азот, аммиак, селитрадан алу реакциясының теңдеуін құру; басқа қышқылдармен ортақ азот қышқылының қасиеттерін зерттеу. Нәтижесінде оқушылар: азот қышқылының молекулалық формуласын жазып, атомдар арасындағы химиялық байланыстың пайда болуын түсіндірді; азот қышқылын азоттан, селитрадан, аммиактан және т.б. алу реакцияларының теңдеулерін құрады; басқа қышқылдармен ортақ азот қышқылының қасиеттерін зерттеді.