Текст
«Отрадный негізгі мектебі» КММ-сінде «Мектеп асханасы» акциясы аясында оқушылардың білім беру мекемесінде болған кездерінде тамақтану үшін қолайлы жағдай жасауға арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бракераждық комиссия мүшелерінің құрамымен мектеп асханасында пайдаланылатын тамақтардың сапасы тексеріліп, нәтижесіне сәйкес акт жасалды. Тексеру барысында талаптардың бұзылу әрекеттері табылған жоқ.
Сонымен қатар мектеп оқушыларымен дұрыс тамақтанудың, асханада өзін өзі дұрыс ұстаудың ережелері туралы сұхбат өткізілді.