Мұғалімдер күні.
2019 жылдың 4 қазаны күні «Отрадный негізгі мектебі» КММ-нде Жоғарғы сынып оқушылары кеңесінің ұйымдастыруымен ұстаздар күні мерекесіне арналған Өзіндік басқару күні өткізілді. Мерекенің басы мұғалімдерді құттықтауға арналған салтанатты жиынмен басталды. Онда бұл күнгі дублер мұғалімдер аталды. Ал мектептің нағыз мұғалімдері нөлінші сынып оқушыларына айналды. Дублер мұғалімдер әр сыныптарда пәндерді бөліп алып, сабақтар жүргізді.
Мұғалім Суходолец Т.В. ұйымдастырған концертке мұғалімдер көтеріңкі көңіл күймен келді. Ән тыңдады, көңілді қойылымдар тамашалады, мектеп оқушыларының жүрек жарды тілектерін қабыл алды.
Бұл мереке күнгі барлығы үшін ең қуанышты сәт – концертке Попова Р.С. және Хасанова Л.В. сияқты ардагер ұстаздардың келуі болды.