Қарттар күні.
Ересек ұрпақтарды мерекесімен құттықтау біздің елімізде дәстүрге айналған. Біздің дана және «өте ересек» тұрғындар үшін бұл күн тек қана мереке емес, сонымен қатар бас қосып, өзара қауқылдасып, әңгіме – дүкен құруға мүмкіндік алатын күн. Сол себепті «Отрадный негізгі мектебі» КММ-нде де «Өздері қарт, жүректері жас адамдар» тақырыбында мерекелік-концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекенің басы мектеп басшысы Самаев А.Қ. құттықтау сөзімен ашылды. Сосын ауыл әкімі Куандыкова Р.М. құттықтау сөз сөйледі. Олар барлық қонақтарды мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан, береке, бірлік тіледі.
Мектеп оқушылары жанға нұр құятын өлеңдері мен қонақтардың жастық шақтарын еске түсіретін әндер орындады. Сонымен қатар құттықтаушылар арасында «Балажан» шағын орталығының бөбектері өте әдемі өлеңдер оқып, ата-әжелерін қуантты. Құрметті қонақтарды мектеп ұстаздары құттықтап, бәріне танымал «Алешенька» әнімен тәнті етті. Дәстүр бойынша 2018 жылы зейнеткерлер қатарына қосылған ата-әжелер құттықтау қабылдады. Оларға алғы топ зейнеткерлері белсенді өмір, зор денсаулық тіледі. Мерекелік шара өте көңілді, қызықты өтті. Келген қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Мереке ауылдық әкімшіліктің және «Отрадный-Агро» ұжымының ұйымдастырумен мол дастарқан басында бас қосуға жалғасты. Қарт адамдар белсенділік пен оң көзқарас таныта білді. Мерекенің мақсаты – қарттарға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлау болса, ол мақсат орындалды деп есептеуге болады.
Біз тағы да бір рет «қарт адамдардың жүрегі әрқашанда жас» екеніне көзіміз жетті.
Мерекені ұйымдастырушы, бастауыш сыныбының мұғалімі Цыцарева А.Б.