«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Отрадненская основная школа» села Отрадное  отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған білім мазмұны бойынша тарих пәні сабақтарында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

20.08.2019

Жаңартылған білім мазмұны бойынша  тарих пәні сабақтарында бәсекеге қабілетті тұлғаны  қалыптастыру.

 

Кажгалиева Дарина Токбергеновна  -  «Отрадный негізгі мектебі» КММ - нің тарих пәнінің мұғалімі.

 

             XXI ғасырда  еңбек нарығында уақыты мен қаржысын үнемдей отырып  өзін өзі жетілдіре, өзін өзі өзгерте, өзгерістерге белсенді бейімделе алатын,  жоғары жетістіктерге жете алатын,  бәсекеге қабілетті  тұлғаны   дайындау қажеттілігі туындады.

Бәсекеге қабілетті  тұлғаны жетілдіру мүмкіндіктері, егер:

  • Мектеп бәсекеге қабілетті білім беру мекемесі болса;
  • Жаңартылған білім мазмұнын қолдану жағдайында бәсекеге қабілетті тұлғаны  жетілдіруге арналған  педагогикалық технология  жасалуы керек және ол сынақтан өтуі тиіс;
  • Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыратын білім беру – дамыту,  ұйымдастырушылық-педагогикалық  және әлеуметтік-психологиялық  педагогикалық  жағдайлар кешені жасалса;
  • Мектептегі көптілділік орта тұлғаның  әлеуметтік белсенділігін көрсететін тәрбиелік кеңістік  болып табылады.

     Білім берудегі заманауи жағдай  мұғалімге қоғамдағы әлеуметтік жаңаруларды есепке ала отырып  әрекет етуімен қызықты.  Осыған байланысты  қазіргі зерттеушілер  тарих пәні  мұғалімінің  кәсіби өсуіне, методикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіруіне зор назар аударады. Тарих пәні мұғалімінің өсуі – ұзақ мерзімді үрдіс, оның құзыреттілігінің ылғи да өсіп отыруын  талап етеді.  Өз жұмысының барлық сатысында  мұғалімге білімін жетілдіріп отыру қажет, методикалық қоржынын толықтыру, өз пәні бойынша оқушы тұлғаның үнемі жетіліп отыруына байланысты білім  беру мақсаттарын шешуі тиіс. 

            Қазіргі уақытта зерттеушілер мұғалім кәсібилігінің бірнеше  сатысын анықтап отыр:

  • Құндылық-ойлану бөлігі – кәсіби тәртіптің құндылық  жүйесін, ойын көрсетеді;
  • Дәлелдеу бөлігі – кәсіби және жеке жетістіктерін,  шығармашылық потенциалы мен оның іске асырылуын дәлелдейді;
  • Когнитивті бөлік – тарихи, әдістемелік, психологиялық технологиялық тұрғыдағы білім жүйесі. Бұл білім оқу үдерісін жоспарлаудың негізі болып табылады.  Бұл білім тарих пәні мұғалімінің іс – әрекетінің мазмұндылығын қамтамасыз етеді. 
  • Процессуалдық-әдістемелік бөлік – әдістемелік іс-әрекетті модельдеу, жүзеге асыру болып табылады. Тарих пәні мұғалімінің міндеті – баланы мәдениет әлеміне енгізу. Оқушылардывң көбі тарих пәні мұғалімінің үйреткенін  біледі және оны жасай алады.
  • Рефлекстік бөлік – бұл мұғалімнің әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін тани білуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесін сараптау, тарихты оқыту үрдісіндегі мәселелерді анықтау.        Мұғалім шееберлігі өзін өзі сараптаудан  басталады.

Өзін өзің сараптау – мұғалім іс-әрекеті жетістіктерінің басшы шарты. Тұрақты теориялық білім мен іс-тәжірибе – өзін өзі сараптаудың көрнекті шарттары.   Өзін өзі сараптаудың нәтижесі оқыту іс-әрекетінің жобасы. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім сабақта өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, сыныппен  байланыстың түрлерін анықтайды, оқушылардың іс-әрекетке жауабын хабарлайды.   Егер жоспар дұрыс құрылған болса, сабақта үш деңгейдегі  өзара әрекеттестік пайда болады:

Бірінші деңгей – мұғалім оқушыларды  тариха жағдаятқа кіогізеді, ойланып жинақталған сөздерді айтады,  сол кезде оқушылар белгілі  бір әрекетті, үрдістерді көреді;

Екінші деңгей – туындаған мәселелердің шешімін іздеу, өз іс-әрекетін анықтауда  мұғалім мен оқушылар әріптестер болады;

Үшінші деңгей – оқушылар мұғалімнің  іс-әрекетін бақылай отырып, айтылған сөздің соңында қандай қимыл жасырынғанын түсіне бастайды.

    Бірінші деңгейде мұғалім өз тарапынан белсенділік танытады, екінші деңгейде  оқушылар мен мұғалімнің белсенділігі теңеседі,  ал үшінші деңгейде белсенділік оқушылар жағына көшеді.    Сонымен сабақ бірлескен зерттеу түріне айналады.

      Тарих сабағындағы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру келесі әдіс -тәсілдер арқылы анықталады:

  • Оқушылардың жеке тұлғалық даму деңгейін анықтай білу (жеке тұлғалық әрекеттерінің қалыптасуы);
  • Оқытылып отырған тақырыптың гуманитарлық  мүмкіндіктеріне сай әр көлемдегі педагогикалық мақсаттар қою;
  • Сабақ алдында қойылған жеке-дамытушылық мақсаттарға сәйкес сабақ түрін, тапсырмаларды және оқушылардың іс-әрекеттерін өзгерту;
  • тарихты оқытуда әртүрлі гуманитарлық факторларды пайдалану;
  • оқытылған материалдар негізінде оқушыларды философиялық-көзқарастық нәтижелерді  тануға үйрету;
  • метологиялық, рухани-эстетикалық мазмұндағы педагогикалық жағдаяттарды туғызу;
  • материалды айтуда оқытудың дискуссиялық түрін пайдалану, жоғары мәдениеттілік көрсету, жеке сыйластық, эрудиция көрсету арқылы тариха білімнен, идеялар мен мақсаттардан  жоғары беделділік таныту;
  • сабақта оқушыларға арналған біржүйелі коллизия біртіндеп ашылатын, мәселе қойылған, оны шешуге ұжымдық күш қажет етілетін сабақтар жүйесін жоспарлау және өткізу;
  • сабақтар оқушылардың жеке қасиеттерін ашатын, тарихты оқудағы қажеттілікті түсінетін, тарихты өз бетінше  меңгерудегі қажеттілік пен тарихи жағдаяттарды түсіндіре алуға тырысу;
  • тарихты оқытуда оқушылардың даму деңгейіне қарай  жұмыс түрлерін күрделендіру, танымыдық-проблемалық тапсырмаларды күрделендіру және олардың дербестігін, шығармашылығын талап ету.

         Бәсекеге қабілетті  тұлғаны тәрбиелеу – тарих сабағында оқушыларға қойылатын талаптардың бірі.  Оқушылапрды тарих пәнінен сайыстар мен ғылыми жобаларға дайындау – бұл  бір бүтін шаралар кешені, ол тек қана кәсіби шеберлікті қажет етпейді, ол ,әрине, бірінші тұрады, қатысушы үшін жоғарғы талап, психологиялық дайындық. Ол оқушының үлкен аудиторияда жұмыс істеуіне қажетті басты белгі.  Оқушыны дайындау үшін көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді: қатысушыны бірнеше рет тыңдау, жеке психологиялық-педагогикалық жұмыс.

         Біздің жұмысымыз зая кеткен жоқ: өткен оқу жылында аудандық ғылыми жоба қорғау сайысында  5 сынып оқушысы Ержанов Ельнар 3 орынды иеленді. Авторлық кітап сайысынан 8- сынып оқушысы Бабахумар Перизат  2 орын алды. 5 сынып оқушылары Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған  ашық жалпымектептік  кіші конференция өткізді.

       Бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындаудың қажеттілігі  еңбек нарығының өсуіне, «жеке тұлға» нарығының өсуіне тікелей байланысты және жас ұпраққа бұдан да жоғары талаптарды қояды.   Бүгінгі оқушылар көп ұзамай бостандықта жетілген нарықтық қарым қатынастың барлық ауыртпалықтарын мойнына артуға тура келеді. 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст