Текст
15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Кітапханашы бір сағатты «Ауғанстан тарихына» арнады, оқытушылар жарияланбаған соғыс тарихына экскурсия жасады, әңгіме «Ауған соғысы туралы барлығы білу керек» бейнероликімен сүйемелденді. Ауғанстандағы жерлестерімізге, соғысқа қатысқан интернационалистерге ерекше көңіл бөлінді.
Кітапханада «Ауғанстанның алауынан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде өз борышын соңына дейін өтеген жауынгерлердің өткенін бейнелейтін әдебиеттер, соның ішінде «Ауғанстан жалынынан», «Ауғанстан біздің тағдырымызда», «Тірі қайтуға тырыс» атты көркем шығармалар қойылған.
Уақыттың өз жады – тарихы бар. Сондықтан миллиондаған адамның өмірін қиған адами қасіреттерді ұмытпау керек.