«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне» КММ
Коммунальное государственное учреждение «Отрадненская основная школа» села Отрадное  отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.12.2018

Отаным мен Тәуелсіздігімді 

жырлаймын.

Тәуелсіздік

– тәтті ұғым таңдайдағы,

Тәуелсіздік

– бақ-береке маңдайдағы.

Нұрлы күннің осынау сиқы кетсе,      

Тірлігімнің

қалады қандай мәні?!

Құтты

болсын, мереке, Отандастар,

Құтқа

толсын елімнің әр қойнауы.

           Отрадный негізгі мектебінің  оқушылары осындай  қасиетті сөздермен   Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты концерттің парағын ашты.  Салтанатты концерттің қонақтары - ауыл әкімі,

ауылдастар, ата-аналар  құттықтау

сөздерін арнады.

           Тәуелсіздігіміз – маңдайдағы

бағымыз, осы күнге жеткізген 

Қазақстан  Республикасының Елбасы

мен еліміздің жастары екенін зор мақтанышпен айта аламыз.  Мектептің бастауыш сынып  оқушыларының мемлекеттік тілде айтылған

өлеңдері барлық қатысушыларға үлкен шабыт берді.  Одан әрі 

әрбір сынып оқушылары 

сүйікті  Отандарына деген

сыйлықтарын  өз кезегімен орындап жатты:

жеке және топпен айтылған әндер 

Көкбайрағымыздағы қалықтаған қыран құсқа ұқсап әуелеп ұшты, мың бұралған

билер  Туымыздағы ұлттық өрнекке ұқсап сан

түрлі нақышпен  оралып жатты, бақытты

балалық шақ күндерінен алынған сахналық көріністер көптің көңілін көтерді.

        Бұл күнгі сахнаның безендірілуі де

мерекеге сай болды.  Еліміздің  құдіретті рәміздерінің бейнесінен құралған

үлкен баннер  және  оқушылардың қолдарындағы шарлар мен көгілдір

тулар мерекенің салтанатын  асырып

тұрды.  «Балажан» шағын орталығының

бүлдіршіндері де өздерінің кішкентай жүректерінен шыққан  Отанына деген сүйіспеншілігін төрт жол

өлеңімен білдіріп, көрермендерді бір марқайтып тастады.

        Бүгінгі күні Отанын осылай жырлап,  мәртебесін асырған жастар ертеңгі күннің арқа

сүйері, болашақты өз қолдарымен жасаушы өскелең ұрпақ екені анық.  Олай болса, мектеп ұстаздары мен

оқушыларға  шын жүректен алғысымызды

білдіреміз. Еліміздің еңсесі биік, Туы тұғырлы, Тәуелсіздігіміз тұрақты, Еліміз

Мәңгілік болсын деген тілек айтамыз.

                                                  

«Отрадный негізгі мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті

                                                  пәнінің мұғалімі   Нағима 

Белгинова.

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст