Асық ату-көшпенділердің көне ойындарының бірі. Этнограф ғалымдардың пікірінше, ол Қазақстан аумағында біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болған және мал шаруашылығы мен аңшылықпен байланысты. Ойынға қатысу үшін жас шектеуі жоқ: оқушылар да, зейнеткерлер де дәлдік үшін бәсекелесе алады. Екі жыл бұрын асық ату ұлттық ойыны ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді. Біздің мектеп оқушылары 5-6 сынып оқушылары арасындағы мектеп лигасына қыздар мен ұлдар арасындағы асықтан аудандық жарыстарға қатысты. Біздің оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз : Юрчук Софья (6-сынып); Бабахумар Мираса (6 сынып); Руслан Амантай (5 сынып). жалпы командалық 3 орынмен!!! Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейілова Қалима Сейтжанқызына оқушыларын дайындағаны және қолдағаны үшін ерекше алғысымды білдіремін