Туризм және өлкетану апталығын өткізу туралы есеп Дүниежүзілік туризм күні жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күн 1970 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Жарғысын қабылдау құрметіне таңдалды. Сонымен қатар, бұл күн символдық мағынаға ие: қыркүйек айының соңында Солтүстік жарты шарда туристік маусым аяқталып, оңтүстігінде ашылады. 2021 жылдың тақырыбы - "Инклюзивті өсуді қамтамасыз етуге арналған Туризм". 2021 жылдың 22-27 қыркүйек аралығында мектепте Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шаралар апталығы өтті. Апта тапсырмалары: 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 2. Туристік-өлкетану және экскурсиялық жұмыстың нысандары мен әдістерінің мазмұнын жетілдіру 3. Балаларды тәрбиелеу мақсатында туризм мен өлкетанудың тиімді пайдаланылатын мүмкіндіктерін анықтау. Жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді: Қазақстан қалаларына виртуалды экскурсиялар, Туған жер, Туған ел туралы суреттер конкурсы, "Менің Отаным"викторинасы,Дүниежүзілік туризм күніне арналған ақпараттық және сынып сағаттары.