Текст
Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, түрколог, публицист, педагог, ақын, қазақ әліпбиінің алғашқы реформаторы, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойы 2022 жылы өтеді. Онкүндік жоспарына сәйкес мектебіміздің 6 сыныбында Ахмет Байтұрсыновқа арналған ашық сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі С. В. Крылованың күш-жігерінің арқасында сабақ қызықты , жанды атмосферада өтті.🌸 Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы.