Тілге арналған
онкүндік.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»
Осы ұранмен 5 қыркүйек 2018
жылы жыл сайынғы аталып өтілетін Қазақстан Халықтарының тілдері күніне арналған
онкүндік өз шымылдығын ашты.
Онкүндіктің бағдарламасы өте тығыз және
әралуан болды: ашық сабақтар, ауызша журнал, кітап көрмесі, сурет көрмесі,
әртүрлі сайыстар концерттер.
Онкүндік өз жұмысын мектептің барлық оқушылары мен ұстаздары
қауымының қатысуымен салтанатты жиында
бастады. Жиында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде өлеңдер оқыды,
мектеп басшысы мен мұғалімдердің
құттықтау сөздерін тыңдады.
Онкүндіктің салтанатты
ашылуынан кейін қазақ ағартушысы Ахмет
Байтұрсыновтың туылған күніне орай өмірі
мен шығармашылығына арналған «Қазақ алфавитінің негізін қалаушы» тақырыбына
тарих пәнінің мұғалімі Қажғалиева Д.Т.
ауызша журнал өткізді. Оқушылар
ұлы ғұламаның өмірінен тың деректер алды.
Атақты жазушы, ақын, педагог,
қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған 7-сынып
оқушыларымен өткізілген «Ақиық
ақын-Мағжан» тақырыбындағы ашық сабақ пен кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Крылова С.В. мен қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Белгинова Н.Ш. дайындап өткізді. Оқушылар жазушының
кітаптарымен танысып, ақынның
шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде тыңдады.
Бұл онкүндіктің аумағында
қазақ халқының сәні, атақты ақын, Көкшетаудың еркесі Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер оқушылар назарынан тыс қалған
жоқ.
7 және 8 сынып оқушыларымен
өткізілген презентация сабақ пен сауалнама оқушылардың қазақ әдебиетінен білімдерін
толықтырды. Сабақ барысында қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Белгинова Н.Ш.
оқушылар мен мұғалімдерді ақынның
өмірімен, шығармашылығымен презенетация арқылы және Астана қаласында орналасқан мұражай үйіне
сырттай саяхат жасау арқылы таныстырды.
Сонымен қатар қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұғманова Қ.М. орта буын және бастауыш сынып оқушыларын онкүндік аясында өткізілетін шараларға жұмылдыра
білді. Атап айтқанада, дайындық
сыныбының мұғалімі Көшкімбаева И.Е.
бірлесе өткізген «Бала тілі-бал» тақырыбындағы бүлдіршіндердің өлең оқудағы шеберліктерін байқау шарасы
қызықты өтті.
6 –сынып оқушыларының назарына
Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде ауызша журнал ұсынылды. Бастауыш сынып оқушылары арасында Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Жүсіпбек
Аймауытовтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан өткен сайыс барлық қатысушылар мен көрермендердің
көңілінен шықты және оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу аясын біршама болса
да кеңітті.
Қазақстан Халықтарының тілдері
күніне арналған іс-шаралардың ішінде
әртүрлі сайыстар да орын алды.
1-5 сынып оқушылары арасында өткен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сйысы»
оқушыларды зияткерлікке тәрбиеледі және
ауыз әдебиетінің ең бір қызық саласы – мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың
өміршеңдігімен және ерекшелігімен
қызықтырды.
Сөз сайысы алаңы
үш тілде өткен «Полиглоттар
шайқасы» зияткерлік сайысының куәгері болды. 5-9 сынып оқушылары қатысқан бұл сайыс үш топтың құрамасымен өтті:
«Қазақстан», «Ресей», «Англия». Сайысты дайындаған және өткізген Юрий
Петрович және Наталья Григорьевна Щербалар.
Алаңдағы білім сайысында «Қазақстан» тобының мүшелері Перизат және
Арайлым Бабақұмарлар және Қазистай Еламан үш тілді меңгерген шеберлер екенін
дәлелдеді.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Алешина М.С. ұйымдастырған
сурет көрмесі «Міне, менің елім осындай !..» деп аталады. Көрмеге 1-9 сынып
оқушылары өздерінің суреттері мен
қабырға газеттерін қойып, түрлі
қарындаштар мен қылқаламды қалай бағындырғандарын көпшілік назарына ұсыныды.
Онкүндіктің шарықтау шегі мектеп мұғалімдерінің басшылығымен
дайындалған және барлық сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Бір шаңырақ астында» атты үлкен концертпен
аяқталды. Концерттің көрермендері
оқушылардың ата-аналары, ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді. Онкүндік оқушылардың жадында сақталатын,
жақсы тәлім-тәрбиелік мәні көп шаралар бойынша ойдағыдай өтті. Барлық ұстаздарға және оқушыларға онкүндік аясында өткен шараларға белсене
қатысқаны үшін мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.
«Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен
айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге
болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының
атын ұмытқан халық»-деп өткір тілді ақынымыз, тіліміздің жанашыры Шерхан Мұртаза айтқандай, кең-байтақ Қазақстанда тұрған халықтардың
достығының бір дәлелі – мемлекеттік тілді қадірлеу болса, екінші шеті осы халықтардың тілдерін өзара сыйлау, құрмет
көрсету болып саналады.
Құрметті жерлестер ! Барлықтарыңызды бүкіл
халқымыз болып атап өткен Тіл мерекесімен тағы да құттықтаймыз. Достығымыз жарассын ! Тіліміздің мәртебесі артсын !
Отрадный негізгі мектебінің қазақ тілі