Текст
19.05.2026
Оқушылар үшін көрнекті қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов шығармашылығына арналған «Поэзия шұғыласы» атты поэзиялық кеш өтті. Іс-шара «Жер, адамға тағзым ет!» поэмасының 65 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Кітапханашы оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолы, әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Автордың «Арғымақтар», «Қайырлы күн, ХХ ғасыр» және «Жер, адамға тағзым ет!» атты белгілі шығармаларына ерекше назар аударылды.
Кеш барысында оқушылар Олжас Сүлейменов шығармаларынан үзінділерді кезекпен мәнерлеп оқыды.