23.02.2026
16–23 ақпан аралығында мектепте оқушылардың ақпараттық технологияларға қызығушылығын арттыруға, цифрлық сауаттылығын дамытуға және танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған Информатика апталығы өткізілді.
Информатика апталығы аясында әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі оқушыларға арналған сан алуан іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуы салтанатты түрде өтіп, оқушылар іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Апта бойы 5–7 сыныптар үшін «Көңілді информатика» викториналары, 8 сыныпқа арналған информатика пәні бойынша танымдық квесттер, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар әлемі» тақырыбында ребустар, суреттер және шығармашылық жұмыстар байқаулары өткізілді.
Бастауыш сынып оқушылары үшін компьютермен және цифрлық құрылғылармен ойын түрінде танысуға бағытталған қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Орта буын оқушылары үшін интеллектуалдық викториналар, Word, Excel бағдарламалары бойынша тапсырмалар және логикалық конкурстар өткізілді.
Апта барысында тақырыптық стенд безендірілді. Оқушылар іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары қызығушылық, шығармашылық және командалық жұмыс деңгейін көрсетті.
Информатика апталығының қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар грамоталармен марапатталды. Өткізілген іс-шаралар «Информатика» пәніне деген танымдық қызығушылықты арттыруға, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды.