Текст
02.02.2026
Құрметті Бекова Жанар Каратаевна!
Сізді шын жүректен туған күніңізбен және еңбек жолыңыздың маңызды белесі – зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз!
Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегіңіз, жауапкершілігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз ұжымымыз үшін әрдайым үлгі болды. Сіздің тәжірибеңіз, ақыл-кеңесіңіз және адамгершілік қасиеттеріңіз көпшіліктің құрметіне ие.
Алдағы өмір кезеңі Сізге тыныштық, денсаулық, отбасыңыздың шаттығы мен немере-шөбере қызығын сыйласын. Әр күніңіз қуанышқа, көңіліңіз шуаққа толы болсын.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен мол бақыт тілейміз!
Еңбегіңіз әрқашан бағаланып, абыройыңыз асқақтай берсін