Текст
Оқу мектебі 📚📚📚
1–4 сынып оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық шеңберінде «Балаларға сыбайлас жемқорлық туралы» атты суретті көрме ұйымдастырылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымын бейнелейтін көрнекі материалдармен танысты. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтық мінез-құлық элементтері кездесетін ертегілермен танысып, олардың моральдық қорытындылары бойынша пікірталас өткізілді. Іс-шара оқушылардың адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарының маңыздылығын түсінуіне ықпал етті.