Текст
8 Наурыз мерекесі қарсаңында үйірме қатысушылары аналарға арналған «Гүлді себет» ашықхаттарын жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында балалар өз қолдарымен ерекше құттықтау ашықхаттарын жасап, шығармашылық қабілеттерін, ыждағаттылық пен қиялдарын көрсетті.
Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Балалар өз жұмыстарынан қуаныш пен ләззат алып, жағымды эмоцияларға бөленді.
Шеберлік сабағы балалардың шығармашылық дағдыларын, зейінділігін және ұқыптылығын дамытуға ықпал етті. Қатысушылар тек әдемі ашықхаттар жасап қана қоймай, аналарға деген сүйіспеншілігі мен алғысын білдірді.